Майқарағай ормандарында санитарлық ағаш кесуге уақытша тыйым салу ұсынылды
![Майқарағай ормандарында санитарлық ағаш кесуге уақытша тыйым салу ұсынылды](http://www.inform.kz/fotoarticles/20161018113323.jpg)
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгінде еліміздің орманды жерлеріне иелік етіп отырғандар және осы санаттағы жерлерді жалға алғандар санитарлық ағаш кесуді пайда табудың көзіне айналдырды. Олар қураған, шіріген және ауру ағаштарды кесіп, санитарлық шараларды өткізудің орнына сап-сау ағаштарды жапырып жатады. Соның салдарынан қазақтың мыңдаған текше метрлік орманы қаңыраған қу далаға айналып барады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.