Ақтөбеде 5 маусымдағы лаңкестік ісі бойынша сот отырысы басталды
![Ақтөбеде 5 маусымдағы лаңкестік ісі бойынша сот отырысы басталды](http://www.inform.kz/fotoarticles/20161018112316.jpg)
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақтөбеде 5 маусымдағы терактіге байланысты іс бойынша сот отырысы басталды. Айыпталушылардың орнында - 29 адам. Сот отырысы Ақтөбе облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотта өтіп жатыр. Оған сот төрағасы Нұрлан Сұлтанов төрағалық етуде. Бұл туралы ҚазАқпаратқа облыстық соттың баспасөз хатшысы Илиада Досова хабарлады.