Лондонда «Астана» халықаралық қаржы орталығының «Инвестор күні» өтті
![Лондонда «Астана» халықаралық қаржы орталығының «Инвестор күні» өтті](http://www.inform.kz/fotoarticles/20161018085529.jpg)
АСТАНА. ҚазАқпарат - Лондонда «Астана» халықаралық қаржы орталығының «Инвестор күні» өтті. Шараны Ұлыбританиядағы ҚР Елшілігі, Лондон қаласындағы «TheCityUK» корпорациясы және Англия мен Уэльс бухгалтерлер алқасының институты ұйымдастырды, деп хабарлады Қазақстанның дипломатиялық өкілдігінің баспасөз қызметінен.