10 сотық жер: қала маңындағы жерлерді қайтару тетігі әзірленіп жатыр
АСТАНА. ҚазАқпарат - Өткен айдағы Үкіметтің кеңейтілген отырысында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Нұрлы жер» бағдарламасын әзірлеп, соның аясында бос жатқан ауыл шаруашылығы жерлерін жекеменшік тұрғын үй құрылысы үшін мемлекеттің мұқтаждығына қайтару тетігін әзірлеуді тапсырған болатын. Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ерлан Нысанбаевтың айтуынша аталған норма келесі жылда іс жүзінде қолданысқа енгізілуі әбден мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.