Археология ШҚО-ның мәдени брендіне айналады
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - «Берел» археологиялық зерттеу жобасының қатысушысы, Материалдық құндылықтар тарихы инуститутының профессоры Николай Боковенко бүгін Өскеменде өткен «Алтай - түрік әлемінің алтын бесігі» атты ғылыми-тәжірибелік конференцияның жалпы отырысының алдында, ол «өмірінде алғаш рет мемлекеттің өз тарихын сақтауға деген шынайы қамқорлығын көргенін» мәлім етті. Әңгіме археологиялық қазба жұмыстары жүргізілген патшалар аңғары атанған Берел қорғанын қорғайтын әйнектен саркофаг тұрғызу жайында болды. Ресейлік ғалым Алтай өлкесіндегі қызықты тарихи құндылығы бар археологиялық қазба жәдігерлер мен тарихи мәдениеттің сол кездегі халықтарға әсері мен ықпалына тоқталды.