«Алтынға пара-пар парақтар»: Астананың білім ордасындағы 300 қазына (ФОТО)
![«Алтынға пара-пар парақтар»: Астананың білім ордасындағы 300 қазына (ФОТО)](http://www.inform.kz/fotoarticles/20160423193205.jpg)
АСТАНА. ҚазАқпарат - Білім бұлағы саналатын әрбір кітаптың тарихы мен тағылым берер бағдары сан алуан болғанымен түйісер тұсы адамзат баласының рухани жан-дүниесін байытып, танымдық ой-өрісін кемелдендіру болары сөзсіз. Қалам арқылы қатталған әрбір парақта шынайы тарихи оқиғалармен қатар қаламгердің қиялынан туған ғажайып дүниенің де оқырман үшін берері мол. Осы ретте ҚазАқпарат өз оқырмандарына Қазақстан Ұлттық академиялық кітапханасының Кітап музейінде сақталған қызықты экспонаттармен таныстыру үшін бірегей фоторепортажды жария етуді жөн көрді.