ОҚО дәрігерлері 103 жастағы кейуананың жүрегіне ота жасап, ажалдан аман алып қалды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысының кардиологиялық орталық мамандары эндоваскулярлық стенттеу отасын 103 жастағы әжейге жасап, қарияның өмір жасын ұзартуға септігін тигізді, деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.