Эквадорда сегіз тәулік қаралы күн жарияланды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Эквадорда өткен жексенбіде магнитудасы 7,8 балдық жер сілкінісі салдарынан қаза тапқандарды аза тұтып, сегіз тәулік қаралы күн жарияланды. Бұл туралы ел президенті Рафаэль Корреа мәлімдеді, деп хабарлады Globovision телеарнасы.