Мысыр Астананың елорданы ауыстыру бойынша тәжірибесін үйреніп жатыр
АСТАНА. ҚазАқпарат - 14 наурызда Астана әкімі Әділбек Жақсыбеков Тұрғын үй істері, коммуналдық шаруашылық және қалалық даму министрі Мұстафа Мадбули бастаған Мысыр Араб Республикасының делегациясымен кездесті. Шетелдік қонақтардың елордаға келуінің негізгі мақсаты - Қазақстан Республикасының елорданы ауыстыру бойынша тәжірибесін үйрену, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.