Батысқазақстандық байқаушылар сайлауға дайын
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батысқазақстандық байқаушылар алдағы сайлауда өз қызметтерін атқаруға дайын. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі өңірлік филиалында сайлауды бақылау жөніндегі республикалық қоғамдық комиссия өңірлік орталығының жетекшісі Вера Шохина мәлім етті.