ОҚО-да бүгінде 1,7 млн.-ға жуық тұрғын көгілдір отынға қол жеткізген
АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысында бүгінде 1,7 млн.-ға жуық тұрғын көгілдір отынға қол жеткізген. Бұл туралы ОҚО Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық энергетика, және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Л.Серікбаев хабарлады.