Қазақстанның медициналық оқу орындарында педиатрия бойынша сағаттар саны ұлғайтылады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі жалпы практикалық дәрігерлердің (әрі қарай - ЖПД) базалық дайындау бағдарламасын қайта қарап, нәтижесінде педиатрия бағытындағы дисциплинаның сағаттар саны 40-50%-ға ұлғайтылды. Өзгертілген білім беру бағдарламалары ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен бастап енгізілмек, деп хабарлайды ведомство баспасөз қызметі.