Дарынымен танылған тұлғалар: Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығын иеленген 24 қарымды қаламгер
АСТАНА. ҚазАқпарат - Әдебиет, ғылым, техника, өндіріс, мәдениет саласында жоғары жетістікке қол жеткізген жастарға берілетін Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығы Кеңес Одағы аумағында алғашқылардың қатарында белгіленді. Оған дейін тек Украинада Н.Островский атындағы Украин Ленин комсомолы сыйлығы болған еді (1958). Қазақстан Лениншіл коммунистік жастар одағы тағайындайтын сыйлық 1964 жылдан 1990 жылға дейін екі жылда бір рет беріліп, барлығы 24 қаламгер марапатталды. Біз әдебиет пен журналистика саласында осы сыйлықпен марапатталғандар туралы айтып отырмыз, деп жазылған «Егемен Қазақстан» газетінде жарық көрген «Дарынымен танылған тұлғалар» атты мақалада.