Қол күресте күш сарқылғанда рух оянады – армрестлингтен әлем чемпионы
Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданында тұратын Заңғар Ашиманов армрестлингтен әлем чемпионы атанып, өңірде бұл спорт түрінің дамуына айтарлықтай үлес қосып келеді. Қазір бапкерлік жолға бет бұрған оның шәкірттері жарыстардан жүлдесіз қайтпайды десек артық айтқандық емес. Kazinform тілшісі армрестлингтен Халықаралық дәрежедегі спорт шеберімен сұхбат құрған болатын.