Бүгін еліміздің кей өңірлерінде жаңбыр жауып, жел күшейеді
![Бүгін еліміздің кей өңірлерінде жаңбыр жауып, жел күшейеді](http://www.inform.kz/fotoarticles/20130824131001.jpg)
АСТАНА. ҚазАқпарат - 9 қазанда Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронталды бөліктерінің өтуіне байланысты кей жерлерде жаңбыр жауып, тұман түседі, желдің күшейуі күтіледі, тек республиканың шығыс, оңтүстік-шығыс және батыс бөліктерінде күн ашық, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.