СҚО-да ауылшаруашылық жәрмеңкесінде азық-түлік арзан бағада сатылды (ФОТО)
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Петропавлда кезекті ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтті. Өз өнімін облыс орталығының, сондай-ақ Мамлют және Қызылжар аудандарының 15 кәсіпорны ұсынды. Мұндағы азық-түлік дүкендегі бағадан 15-20 пайыз арзан бағада сатылды.