А. Шелепова: Бұқаралық спорт - саламатты өмір салтының негізі
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бұқаралық спорт - саламатты өмір салтының негізі. Ал, спорт балаларға қол жетімді болуы үшін тұрғын үйлердің аулаларына заманауи спорт алаңқайларын көптеп салу қажет. Және бұл іске жеке компанияларды көптеп тартуға болады. Бұл туралы бүгін Алматыда өткен баспасөз мәслихаты барысында «Sport Concept» қоғамдық қорының президенті Анна Шелепова мәлімдеді.