31 қазан күнгі ауа райы болжамы
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 31 қазан күні Қазақстан аумағының басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Алайда, еліміздің шығысында фронталды бөліктердің ықпалынан қар жауса, батыс өңірлерде орталығы Қара теңіз маңайында орналасқан циклон жырасының әсерінен жаңбыр жауады. Республиканың кей жерлерінде тұман, оңтүстік және батыс өңірлерде желдің күшеюі күтіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.