Қазақстанға ұшып келген 34 жолаушыдан коронавирус анықталды
![Қазақстанға ұшып келген 34 жолаушыдан коронавирус анықталды](https://www.inform.kz/radmin/news/2020/10/25/201025112536115e.jpg)
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Биылғы 6 – 25 қазан аралығында халықаралық әуе рейстерімен Қазақстанға келген 34 жолаушыдан коронавирус анықталды. Бұл туралы Көліктегі бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Сәдуақас Байғабылов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.