Қазақстандық фильм Варшава кинофестивалінің бас жүлдесін жеңіп алды
![Қазақстандық фильм Варшава кинофестивалінің бас жүлдесін жеңіп алды](https://www.inform.kz/radmin/news/2020/10/18/201018112622490a3707663i.jpg)
ВАРШАВА. ҚазАқпарат - Режиссер Фархат Шәріпов түсірген «18 килогерц» атты көркем фильм қазақ киносының тарихында алғаш рет 36-шы Халықаралық Варшава кинофестивалінің бас жүлдесін жеңіп алды. Бұл туралы кеше фестивальдің жабылу салтанатында белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.