«Ұмай» фильмі Словакияда халықаралық фестивальде жеңімпаз атанды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Режиссер Іңкәр Әбдіраштың «Ұмай» («Мальчик у окна») қысқаметражды фильмі Словакияның ай сайын өтетін Kosece International Monthly Film Festival халықаралық кинофестивалінде «Үздік режиссер-дебютант» сыйлығын иеленді. Бұл жайлы «Қазақфильм» киностудиясына сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.