Қостанай облысында дәрілерді қымбатқа сатқан дәріханаларға айыппұл салынды
ҚОСТАНАЙ.ҚазАқпарат – Қостанай облысында дәрілерді қымбатқа сатқан дәріханаларға 3 миллион теңгеден астам сомаға айыппұл салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.