Мақтааралдағы жаңа мөлтек ауданда 31 үйдің құрылысы толық аяқталды
![Мақтааралдағы жаңа мөлтек ауданда 31 үйдің құрылысы толық аяқталды](https://www.inform.kz/radmin/news/2020/07/23/200723134323588e.jpg)
МАҚТААРАЛ. ҚазАқпарат – Түркістан облысының Мақтаарал ауданындағы жаңа мөлтек ауданда салынып жатқан 31 үйдің құрылысы толық аяқталды. Баспаналардың 25-і үкімет резервінен, 6-ы Nur Otan партиясының «Біз біргеміз» қоры есебінен бой көтерген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.