Қытай Марсқа алғашқы миссиясын сәтті ұшырды
БЕЙЖІҢ. СИНЬХУА-ҚазАқпарат – Бейсенбі күні Хайнань аралы провинциясында орналасқан «Вэньчан» ғарыш айлағынан «Чанчжэн-5» зымыран-тасығышының көмегімен Марсты зерттеу үшін «Тяньвэнь-1» атты бірінші зонд ғарышқа ұшырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Синьхуа» агенттігіне сілтеме жасап.