Ақтөбеліктер дәрігерлерге қымыз бен азық-түлік жеткізіп берді
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Nur Otan партиясының облыстық филиалы коронавирус, пневмония инфекциясымен күресте алдыңғы шепте жүрген ақ халаттыларға қолдау көрсетті. Бүгін бірнеше емдеу мекемесінің қызметкерлеріне иммунитетті көтеретін тағамдар мен азық-түлік жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.⠀