ҚР Президенті: Бірлігіміз бен ынтымағымыздың арқасында бұл сынақты да еңсереміз
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Біз бүгін індеттен қаза болған отандастарымызды еске алып, тағзым етеміз. Қайтыс болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтамын. Бірлігіміз бен ынтымағымыздың арқасында бұл сынақты тезірек еңсереміз деген сенімдемін»,-деп жазды бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-дегі парақшасында.