Марат Қарабаев Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасы болып тағайындалды
![Марат Қарабаев Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасы болып тағайындалды](https://www.inform.kz/radmin/news/2020/07/13/200713134904084a3672120i.jpg)
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бұйрығымен Қарабаев Марат Кәрімжанұлы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды. Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.