Түлкібастық демеушілер мен еріктілер орталық ауруханаға 210 оттегі баллонын тапсырды
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысы, Түлкібас ауданында соңғы бір аптаның ішінде демеушілер мен еріктілер орталық ауруханаға 210 оттегі балонын тарту етті. Игі бастама аудан әкімдігінің ұйытқы болуымен ұйымдастырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.