Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет 105 млрд теңгенің ұрлануына жол бермеді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 105 млрд теңге бюджет қаражатының ұрлануына жол бермеді. Бұл туралы аталған ведомствоның Стратегия және жедел басқару департаментінің басшысы Нұрлан Жақсымбетов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.