Түркістан облысында комиссия шешімімен жұмыстан босатылған дәрігер бөлім меңгерушілігіне тағайындалды
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысында, Келес ауданында еңбек дауларын қарау жөніндегі комиссияның шешімімен жұмыстан босатылған хирург-дәрігер Қайрат Сейдуалиев қайта ауруханаға қабылданды. Абай ауылындағы Келес аудандық ауруханасында жүріп, әлеуметтік желіге ақпарат таратқан дәрігер енді Сарыағаш аудандық орталық ауруханасы қабылдау бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.