«Елбасы және Ұлттық ұлан» кітабының тұсауы кесілді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Орталық музейінде «Елбасы және Ұлттық ұлан» кітабының онлайн тұсаукесері өтті. Аталған туынды еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың мерейтойына және Елорда күні мерекесіне орай жарыққа шықты.