Елімізде гемофилия дертімен ауыратын балалар дәрі-дәрмексіз қалды
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыда өткен баспасөз мәслихатында «Гемофилияға шалдыққан мүгедектердің қазақстандық қауымдастығы» қоғамдық ұйымының өкілдері дәрі-дәрмектердің жетіспеушілігіне байланысты алаңдаушылықтарын білдірді.