Қазақстанның әскери оқу орындарына түсуге 1500-ден астам талапкер құжат тапсырды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның орта және арнаулы орта оқу орнын бітірген 1 564 түлек өздерінің Қазақстан Қарулы Күштерінің офицерлері болу арманын жүзеге асыру үшін алғашқы қадамын жасады. Олардың ішінде 1 065 жас бірыңғай ұлттық тест тапсырып, 499-ы кешенді тестілеуге дайындалуда. Бір аптадан соң 50-ден және одан жоғары балл жинаған барлық жасөспірімдер өздері таңдаған еліміздің түрлі өңірлеріндегі әскери оқу орындарына жіберіледі.