«Қазмырыш» Курчатов қаласының әкімдігімен бірлесіп әлеуметтік жобаларды жүзеге асыратын болды
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - «Қазмырыш» өңірдегі әлеуметтік қызметке ықыласты екенін тағы бір мәрте растады. Бүгін компанияның тұрақты даму жөніндегі бас директоры Андрей Лазарев пен Курчатов қаласының әкімі Нұрбол Нұрғалиев жекеменшік-мемлекеттік әріптестік туралы келісімге келіп, 2015-2016 жылдары әлеуметтік жобаларды іске ақсыруға бірлесіп қатысу туралы меморандумға қол қойды.