Мигранттар мен босқындардың құқықтары мен мүдделерін ескеретін жүйе құру қажет - Біржан Нұрымбетов
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада ҚР Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Біржан Нұрымбетов босқындарды қорғау және халықаралық көші-қон жөніндегі Алматы процесіне қатысушы мемлекеттердің елшілерімен кездесті. Кездесу барысында жұмыстың негізгі нәтижелері және қорытындылары, сондай-ақ алдағы жылы Алматы процесіне төрағалық ету мәселелері талқыланды.