«Алашкерт» алдындағы басты міндет «Қайрат» командасымен матчта жақсы ойын өрнегін көрсету - А.Хашманян
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - «Алашкерт» командасының алдында тұрған басты міндет - жақсы ойын өрнегін көрсету. Ал бұл бізге Еуропа лигасының келесі кезеңіне өтуге мүмкіндік береді. Бұл туралы бүгін Алматыда Орталық стадионның конференция залында өткен баспасөз мәслихатында Ереван қаласының «Алашкерт» (Армения) футбол командасының бас жаттықтырушысы Абрам Хашманян мәлім етті.