Жағдай ширыққан сайын шынығуға тиіспіз - ҚР Инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешев
АСТАНА. ҚазАқпарат - Дүние дүрлігіңкіреп тұр. Әлемдік экономика қайтадан саясилана бастаған сыңайлы. Кеше ғана Уфада сөйлеген сөзінде Елбасымыз: «Көпполярлы әлемнің қалыптасуы, жаһандық сын-қатерлер мен қауіптер, сондай-ақ, елдер мен өңірлердің өзара тәуелділігінің артуы бүгінде жаңа күн тәртібін түзіп отыр», деп атап өтті. Мұндайда экономикалық мәселелердің жеті рет өлшеніп, бір рет кесілгені жақсы. Солай болып та келеді. Мемлекеттік биліктегі жауапты тұлғалар әр сөзін санап сөйлеуде.