Аустралиядағы орман өрті жарты миллиардқа жуық жануардың өмірін қиды
СИДНЕЙ. ҚазАқпарат – Аустралиялық ғалымдар елде белең алған орман өртіне қатысты дабыл қағып жатыр. Сидней университеті жүргізген зерттеу нәтижесінде өрт салдарынан жарты миллиардқа жуық Аустралия фауна өкілдері мерт болғаны анықталған, деп хабарлайды ҚазАқпарат Bloomberg-ке сілтеме жасап.