ОҚО-да Шымкент агломерациясын дамытуға басымдық берілетін болады
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысында жалпы аумағы 1 573,5 мың гектарды құрайтын Шымкент агломерациясын дамытуға басымдық берілетін болады. Бұл туралы бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық сәулет және қала құрылысы басқарма басшысының орынбасары Бақтыбай Дүйсебеков мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.