5 желтоқсанда ел аумағының басым бөлігінде аяз болады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін, 5 желтоқсанда ел аумағының басым бөлігі антициклонның әсерінен аязды ауа райы күтіледі, тек солтүстік аудандардан ауа ағындарының өтуіне байланысты қар жауып, оңтүстік-шығыстан жел тұрады.