Қостанай маңындағы елді мекеннің 48 тұрғыны баспаналы болды
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қала маңындағы Заречный кентінің 48 тұрғыны Конституция күнін жаңа баспаналарында қарсы алады. «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында салынған баспаналардың кілттерін бүгін облыс әкімі Архимед Мұхамбетов табыс етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.