Тараз бен Шымкентте екі балдық жер сілкінісі сезілді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматы қаласынан 408 шақырым қашықтықта, Қырғызстан аумағында жер сілкінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Сейсмологиялық тәжірибелік әдістемелік экспедициясы» мемлекеттік мекемесінің сейсмикалық стансалар желісіне сілтеме жасап.