Кондукторлар халықты алдап жүр - Астана LRT
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қоғамдық көлікте сараланған тарифтер енгізілгелі бері картамен жүретін жолаушылар үшін жолақы бұрынғы күйінше қалды. Ал қолма-қол ақша беретіндер 180 теңге төлейді. Бірақ автобуста электронды картаны сатып алуға болады. Ішінде баланс болмаса да, баратын жерге тегін жетіп алуға мүмкіндік беріледі. Кейбір кондукторлар оны айтпайды, картаны сатса да, үстінен жол жүру ақысы - 180 теңгені де алып қояды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.