300-ден астам шетел азаматы қазақстандық университетке құжат тапсырды
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Көптеген шетелдік азаматтар сапалы білімді әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде алғысы келеді. Оған жетекші қазақстандық ЖОО-ның әлемдік рейтінгілердегі орны, білім берудің ағылшын тілінде болуы және де шетелдік серіктес университеттермен 70-тен астам қосдипломды бағдарламалардың жүзеге асырылуы өз ықпалын тигізуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат университеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.