Британия азаматы: Қазақстанның архивінен өзімнің шыққан тегімді анықтадым
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Арғы әжесі Юзефа Буйдоның депортациялануы туралы тың деректерді Ұлыбритания азаматы Майкл Сагатис Ақтөбеге жолы түскен кезінде біліп отыр. Тұманды Альбионнан келген мейман облыстық архивтен 1941-1943 жылдары айдалып келген польшалықтардың тізімі арқылы өзінің әжесі туралы көптеген мәліметтерді тауып алды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.