Дариға Назарбаева: Қазақстанда бұрын-соңды болмаған ғарыш индустриясы қалыптасты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан ғарыш технологияларын өндіру арқылы қазынаға қомақты қаражат түсіре алады. Астанадағы Ұлттық ғарыш орталығында болып қайтқан ҚР Парламенті Сенаты Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрайымы Дариға Назарбаева осылай мәлім етті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.