Астанада салмағы 5,4 келі қыз дүниеге келді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордалық № 3 перинаталдық орталықта салмағы 5 400 грамм қыз бала дүниеге келді. Дәрігерлердің айтуынша, ол Астанада соңғы 20 жылда осындай ауыр салмақта туған үшінші қыз бала, деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа орталығы.