ОҚО-да жастар театры комедиялық қойылымды сахналады
![ОҚО-да жастар театры комедиялық қойылымды сахналады](http://www.inform.kz/fotoarticles/20171121223702.jpg)
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облыстық «Жастар ресурстық орталығының» жанынан құрылған «ONTUSTIK» жастар театры жаңа қойылымды сахналады. Комедиялық жанрдағы «Өлдік те, құрметті болдық» атты спектакльде мейірім мен қайырымдылық секілді ізгі қасиеттер бейнеленеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.