Велоспорт: Асылхан Тұрар Азия кубогында «алтын» еншіледі
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Үндістанның астанасы Нью - Дели қаласында велоспорттан ерлер арасында өткен Азия кубогында Қызылорда қаласындағы № 3 облыстық велоспорт жөніндегі олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінің спортшысы Асылхан Тұрар алтын медаль иеленді.