Мәңгілік елдің сарыны - Манас
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақбас Алатау баурайында бір түйенің өркешіндей бірге жасасып, біте қайнасқан қазақ пен қырғыз тарихтың ұзын салқар керуенінде үзеңгілес те үндес жүрген. Сондықтан Мұхтар мен Шыңғыс, Кенен мен Оспанқұл, Жамбыл мен Тоқтағұл, Шоқан мен Боранбай сынды арда ұлдары төс түйістірген, тарихы ғана емес, тағдыры да қатар өрілген бауырлас жұртты біріктіретін қасиет-құндылықтар аз емес. Соның бірі де бірегейі - «Манас» дастаны, деп жазады «Егемен Қазақстан» газеті.